Өндіріс және жеткізілімдер тізбегі департаменті

Компанияның Сен Қазақстанның сыра нарығында сөзсіз көшбасшысы болып табылатын Компаниямыздың бөлігі бола аласың.
Біз әр қызметкерімізді, оның идеяларын, жалпы іске қосқан үлесін бағалаймыз, оқытамыз, тәжірибемен алмасамыз, тамаша мансаппен өсу мүмкіндіктерін береміз, әрқайсысы жұмысқа ниетпен қарайтындай және өз әріптесіне көмектесуге дайын болатындай командалық рухты қолдап отырамыз.

Efes Kazakhstan Supply Chain department

Бізде Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан филиалдарымыз, сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша біздің Дистрибьюторларымызбен бірлесіп жұмыс істейтін өкілдеріміз бар.

Өткізу департаментінің Директоры, Алматы және Қарағанды қалаларындағы әрекеттегі зауыттарда орналасатын "далада" істейтін қызметкерлерден (Аймақтық, Аумақтық менеджерлерден, Супервайзерлерден және өткізу жөніндегі менеджерлерден) және офистегі қызметкерлерден (жүйелер және өткізуді дамыту жөніндегі бөлім және Сауда Маркетингі) тұратын команданы басқарады.стратегиялық басымдықтарына және бизнестің бағытына сәйкес 2016 жылдың наурызында Техникалық департаменті мен Логистика департаментін қосу жолымен Өндіріс және жеткізілімдер тізбегі департаменті құрылған болатын. Біздің департаментіміздің жұмысы бүкіл өндірістік тізбекті қамтиды және оған сұранысты және өндірісті жоспарлау, қажетті шикізатқа және материалдарға тапсырыс беру және оларды сатып алу, өнімді өндіру, оны қоймаларда сақтау және дистрибьюторларға (клиенттерге) дейін тасымалдау сияқты кезеңдер кіреді.

Бұдан басқа, департаменттің міндеттеріне компанияны қажетті энергия ресурстарының барлық түрлерімен қамтамасыз ету және жабдықтың апатсыз және сенімді жұмысын қолдау, сондай-ақ қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру және сақтау кіреді (ішкі бақылау бөлімі және қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі бөлім).

Департаментте 360 астам адам еңбек етеді (ол саны бойынша Эфес Қазақстан департаменттері арасында 1 орын алып отыр), департаментке қаншама жауапты және маңызды функциялар мен міндеттер жүктелгенін ескерсек, бұл таңғарарлық емес. Күн сайын қызметкерлер сатулардың болжамын құрайды және өндірісті жоспарлайды, материалдарға тапсырыс береді және оларды сатып алады (қажет болған кезде кедендік тазарту жүргізеді), сыраны қайнатады, сүзгілейді және құяды, тек қана дайын өнімнің емес, барлық материалдардың да қоймаларда оңтайлы сақталуын ұйымдастырады, сыраны дистрибьюторларға жіберуімен айналысады (дайын өнім бүкіл Қазақстан бойынша теміржол және автокөлікпен жіберіледі, сондай-ақ Қырғызстанға, Қытайға және Өзбекстанға экспортталады), жабдықтың түзулігін қадағалайды, еңбек жағдайлардың қауіпсіздігін бақылайды, сондай-ақ процестерді оңтайландыру, шығындарды қысқарту және тиімділікті арттыру тәсілдерін табуға тырысып отырады. 

Департаментте жылы достық атмосфера орнады, мұнда әрбір қызметкер әріптестерінің көмегіне және басшылықтың тарапынан қолдауға сене алады. Берік командалық рух және ұжымның ауызбірлігі мұндай сансыз департаментке ортақ идея - елдегі ең жақсы сыраны өндіріп жеткізу үшін - үйлесімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз "Жұмысқа уақыт бөлу және демалуға уақыт бөлу" деген қағидаға сүйеніп, жұмыс және жеке өмір арасындағы теңгерімді сақтаймыз, - бейресми жағдайда әріптестермен қатынасып, бір-бірін жақсылап тани алатын іс-шараларды жиі ұйымдастырып отырамыз. Мұндай уақыт өткізудің бастамашысы талай рет департамент директоры болып жатады. Оның басқару стилі барлық қызметкерлерге, біз бір үлкен механизмнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, және әрқайсысымыздың қосқан үлесі таптырмайтын және құнды болады деген түсінік беріп отырады, ал бұл жұмысты рахатпен және сергек, сапалы және мерзімінде орындауға ынталандырады. Осы факторлар арқасында өндіріс және жеткізілімдер тізбегі департаменті даму, өзін-өзі көрсету және мансаптық өсу үшін мінсіз орын болып табылады.

Егер сен серпінді әрі қызықты жұмыс іздеп отырсаң, егер сенің Қазақстанның сыра нарығындағы №1 өнімді өндіру процесінде тікелей қатысқын келсе, егер сен тұрақты, дамып келетін және болашағы бар компанияда жұмыс істеуге тырыссаң, қош келдің! Өндіріс және жеткізілімдер тізбегі департаментінде жұмыс істеу - сенің кәсіби мансабының мінсіз жалғасы!

Efes-те мансап құрыңыз

Біз әрқашан да болашағы бар кадрларға ашықпыз және ынтымақтасуға қуаныштымыз.

Қазіргі таңда бізде 1 бос орын бар.

Бос орындарды көру