Даму үшін мүмкіндіктер

Қазіргі уақыттағы тұрақсыз, күрделі әрі бір мағыналы емес бәсекелі ортада тек әлемдік үрдістерге және сыртқы нарыққа ғана емес, Компанияның қызметкерлерін дамытуға фокусталған болу, сондай-ақ алдыңғы қатарда болу, өте маңызды.

Efes Kazakhstan ұйымның өз қызметкерлерін дамыту қабілеті табысқа жетудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Оқытылған қызметкерлер стратегиялық мақсаттарға жету үшін бәсекелік артықшылық және тиімді ресурс болып табылатыны құпия емес.

Барлық мүмкіндіктері

Функционалдық дағдыларды дамыту

Біздің компаниямыздың негізгі құндылығы бұл — қызметкерлер, дәл сол себептен біз олардың кәсіби дамытуына және міндеттерді әрі қарай сапалы орындау үшін және ең үздік нәтижелерге жету үшін тиімді бизнес құралдармен жүйелі қамтамасыз етуге көп назар аударып отырамыз.

Оған Supply Chain Academy және Sales Academy оқу бағдарламалары дәлел болып отыр.

Осы бағдарламалардың мақсаты — қызметкерлеріміздің кәсіби құзыреттерін дамыту, оларды заманауи талаптарға сәйкес келетін қажетті білімдермен, ептілікпен және дағдылармен қамтамасыз ету. Осы бағдарламалар аясында қызметкерлер сатулардың және өндірістің жаңа технологияларын зерттейді, өз кәсібінің соңғы жаңалықтары мен үрдістері туралы білім отырады, және мансаппен өсу және біліктілігінің деңгейін көтеру үшін тамаша мүмкіндіктерге ие болып отырады.

Осы бағдарламалардың бір қатар артықшылықтары бар, олардың арасында:
кәсіби өсу үшін жаңа мүмкіндіктер:

  • біздің компаниямыздың бизнестің талаптарына сәйкес болу мүмкідігі;
  • күнделікті жұмыста көмектесетін, сондай-ақ әрі қарай дамытуға болысатын білімдер мен дағдылар, құзыреттер;
  • басқа қатысушылармен тәжірибемен және біліммен алмасу мүмкіндігі;
  • кәсіпкерлердің кеңес беруі және қолдауы.