Даму үшін мүмкіндіктер

Қазіргі уақыттағы тұрақсыз, күрделі әрі бір мағыналы емес бәсекелі ортада тек әлемдік үрдістерге және сыртқы нарыққа ғана емес, Компанияның қызметкерлерін дамытуға фокусталған болу, сондай-ақ алдыңғы қатарда болу, өте маңызды.

Efes Kazakhstan ұйымның өз қызметкерлерін дамыту қабілеті табысқа жетудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Оқытылған қызметкерлер стратегиялық мақсаттарға жету үшін бәсекелік артықшылық және тиімді ресурс болып табылатыны құпия емес.

Барлық мүмкіндіктері

Көшбасшылықты дамыту

Көшбасшылықты дамыту қызметкерлердің ұйымдағы жетекшілік рөлдерді орындау мүмкіндіктерін кеңейтеді. Көшбасшылық рөлдер тұтынушының назарын алу және басқалардың қабілеттіктерін дамыту жолымен компанияның стратегиясын іске асыруға болысады.

Көшбасшылықты дамыту бизнестегі табысқа жету жолы болып есептеледі.

Дегенмен көшбасшыны не тиімді қылады? Көшбасшылық бағдарламалары көмегімен үздіксіз әрі тұрақты оқыту және дамыту, қызметкерлердің ұйымның стратегиялық және операциялық міндеттерін орындау үшін тиісті дағдылары мен білімдері болатынына және бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын сақтай отырып, бизнес-міндеттерге жауап беретініне кепілдік бере отырып, жаңа көшбасшылық үрдістерді және оқу тәсілдемесін сынап көруін міндеттейді.

Эфес жеткешілігінің жалпы көшбасшылық мәдениеті бойынша компанияның мақсаттарына сүйене отырып, біз жоғарғы және орта басқару деңгейлері үшін «ELP2020» және «Efes LEADS» көшбасшылық бойынша модульдік бағдарламаларды, сондай-ақ қатысушылары мамандар болып табылатын «iGrow» бағдарламасын сәтті іске қостық. Осы бағдарламалар қатысушыларына ерекше тәжірибені, бизнес үшін құндылықты, кәсіби дамуды береді және олардың стратегиялық көрінісін күшейтеді. Олар бірлескен жұмыс үшін және қойылған бизнес-міндеттерін орындау үшін жаңа идеяларды іске асыру үшін қолайлы ортаны құруға бағдарланған.

«ELP2020» және «Efes LEADS» бағдарламалардың маңызды компоненті Action Learning Team (ALT) жобасындағы қатысушылардың жұмысы болып табылады. ALT нақты ұйымдастыру проблемаларымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ көшбасшылықты дамыту саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибелерінің бірі болып табылады.

Көшбасшылық үрдістер және тәсілдемелер саласында мол тәжірибелері бар біздің жетекшілеріміз әрі қарай өсу, табысқа жету және жетістіктер үшін командаларын көтермелейді және қолдайды.

«Көшбасшылық және оқу бір бірімен ажырағысыз байланысқан».
Джон Ф. Кеннеди