Даму үшін мүмкіндіктер

Қазіргі уақыттағы тұрақсыз, күрделі әрі бір мағыналы емес бәсекелі ортада тек әлемдік үрдістерге және сыртқы нарыққа ғана емес, Компанияның қызметкерлерін дамытуға фокусталған болу, сондай-ақ алдыңғы қатарда болу, өте маңызды.

Efes Kazakhstan ұйымның өз қызметкерлерін дамыту қабілеті табысқа жетудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Оқытылған қызметкерлер стратегиялық мақсаттарға жету үшін бәсекелік артықшылық және тиімді ресурс болып табылатыны құпия емес.

Барлық мүмкіндіктері

Біліктіліктерді дамыту

Ұйымның бәсекеге қабілетті орны қызметін жоғары деңгейде түрлі тәсілдермен іске асыру мүмкіндігін береді; қысқашасы, оның стратегиялық табысы ерекше ұйымдастыру қабілеттіктермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі серпінді әлемде біз клиенттердің өзгертілетін талаптарына немесе бәсекелік қауіп-қатерлеіне жауап беріп жаңа қабілеттіктерді анықтап дамытуға тұрақты қажеттіліпен тап боламыз. Ұйымдастыру мүмкіндіктері - бұл компанияның өзінің күнделікті бизнесін басқару, сондай-ақ өсу, бейімделу және нарықта бәсекелік артықшылықтарды іздеу қабілеттілігі.

Біздің тәсілімізге мақсатты қабілеттіктерді құру, ал сосын қызметкерлерді олар оқығандарын бизнес-міндеттерді тиімді орындау үшін өзінің күнделікті жұмыс процестеріне жүзеге асыруда қолдау кіреді.

Барлық бағдарламалар түйінді қағидаларда негізделген:

  • бизнеске пайда әкелетін факторлармен байланысты қабілеттіктерде және мінез-құлықта фокусталу;
  • қабілеттіктерді дамытудағы ұйымдастырушылық та, жеке қабілеттіктерді де ескеру;
  • ерекше талаптары ескере отырып бағдарламаларды бейімдеу;
  • түрлі мүмкіндіктерді беру көмегімен қызметтің тиімділігін арттыру;
  • процестер, аспаптар мен адамдар арқылы қабілеттіктерді орнатып күшейту.

Өз бетімен оқудың, білімдермен алмасудың, аудиторлық және онлайн оқудың үйлесімі, қатысушылардың жаңа білімдерін түсіну және қолдану мүмкіндіктері болатынына және оқу және даму саласында өз мақсаттарына жететініне кепілдік береді.

Осы бағытты сақтай отырып, біз Efes Fast Track, Efes Campus және онлайн оқу платформасы сияқты бірнеше даму бағдарламаларын іске қостық.

Efes Fast Track бағдарламасы тиімді қызмет істеу және ең үздік кәсіптік нәтижелерге жету үшін қажетті мінез-құлық сипаттамаларын дамытуға және жақсартуға, сондай-ақ компанияның бизнес мақсаттарына, түйінді дағдыларға және мүмкіндіктерге фокусталған қызметкерлерді тартуға және дамытуын және оқытуын қолдауға көзделген. Мінез-құлық сипаттамалары және әрі қарай жақсартуға және дамытуға арналған дағдылар қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері негізінде анықталады. Барлық қызметкерлер жеке даму салаларына сай бағдарламаға қатыса алады.

«Біліктілік — сенімділіктің ұлағатты құрушысы.«
Мэри Джо Патни

Efes Campus бағдарламасы қызметкерлер арасынан шыққан волонтерлер ішкі оқу мәдениетін дамыту, басқа қызметкерлерге білім, даму әрі өсуді алуға мүмкіндіктер беру мақсатында ішкі жаттықтырушылар ретінде болып келетін платформа болып табылады.

Ішкі тренингтердің сыртқы провайдер арқылы оқудың алдында белгілі бір артықшылықтары бар, жұмыс процестеріне сәйкестігін және қаражатты үнемдеуін қоса алғанда.

Компания қызметкерлері үшін жүргізілетін үздіксіз ішкі тренингтер оларды ұстап қалуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бізде «Жаттықтырушылар тренингі" бағдарламасынан өткен, тренингтерге және мастер-кластарға бөлінген 60 астам тренинг тақырыптарын әзірлеген 40 астам ішкі жаттықтырушыларымыз бар, өз кезегінде олар келесі бағыттарды қамтиды:

  • Функционалдық тренингтер;
  • Негізгі дағдылар бойынша тренингтер.

Әрбір қызметкер оқу тақырыбын таңдап каталогтағы бағдарламалармен және оқу күндерімен таныса алады.
Біз қызметкерлерімізді Алматы және Қарағанды зауыттарында және аймақтарда сәтті оқытып шықтық. Сыра өндірісі процестері, уақытты және өзгерістерді басқару, Excel бағдарламасы, меменджмент негіздері, кері байланыс, сұхбат жүргізу дағдылары, проблемаларды шешу әдістері, сондай-ақ заңгерлік тренингтер, сату саласындағы тренингтер және көптеген басқа тренингтерді сәтті өткізіп шықтық. Біз қызметкерлеріміздің бағдарламаға ынтамен қатысқандарына қуаныштымыз, және олардан жағымды кері байланысты алып отырамыз.

«Пәнді оқи бастаған адамнан басқа ешкім осы пән туралы артық біле алмайды.«
Питер Фердинанд Друкер

Efes Kazakhstan онлайн оқу платформасы

Бүгінгі күні, компанияның тиімділігін сақтау, қойылған талаптарға сәйкес болу, қызметкердің өзгертіліп тұратын үміттерін қанағаттандыру және шығындарды басқару үшін өсіп келе жатқан сұранысқа сәйкес болу үшін дәстүрлі оқу бағдарламалары жеткіліксіз болып отыр. Жылдамдық, үнемі жаңартылатын өзекті мазмұнмен және ауқымды қамтылумен қатар, цифрлық әлемдегі айқындаушы сипаттама болып табылады. Жылдам өзгертіліп отырған ортада біз қазіргі заман нақтылығының талаптарына беретін жауабымызды ылғи жақсарту қажетпіз. Уақытты икемді жоспарлау, уақытты үнемдеу, кез келген жерде қолжетімді болу, өзекті әрі орынды контент — бүгінгі оқу мүмкіндіктеріне қойылатын негізгі талаптар осы.

2016 жылдың тамызында, Eduson компаниясымен бірлесіп, біз қызметкерлеріміз үшін онлайн оқу платформасын іске қостық. Платформа қызметкерлердің өнімділігін арттыру үшін алуан түрлі дағдыларды және мінез-құлық сипаттамаларын дамытуын қамтитын шешімдерді ұсынып отыр. Барлық курстарды жетекші әлемдік бизнес-мектептерінің профессорлары табысты әлемдік тәжірибелер арқылы жүргізеді.

Эфес Қазақста онлайн оқу платформасы өте оңай әрі қолжетімді интерфейсті ұсынады және оның келесі артықшылықтары бар:

  • кез келген құрылғы арқылы оқу мүмкіндігі;
  • құрамында орыс және ағылшын тіліндегі 400 астам курстар бар кітапхана;
  • 5 оқу форматы: толық бейнекурс, шағын курс, презентация, бизнес-кейс және диалогтық тренажер;
  • жүйелі түрде толықтырылатын курстар каталогы;
  • өндірістік процестен қол үзбей жүргізілетін тренингтер.

Біздің компаниямыз оқытуды жаңа құралдары мен тәсілдері бар жаңа деңгейге көшіруге тырысады, олар қызметкерлердің оқуға деген қызығушылығын арттырады және бизнестің өсуіне тікелей үлесін қосады деп санаймыз.

«Білім — ең қуатты қару, оның көмегімен бүкіл дүние жүзін өзгертуге болады.«
Нельсон Мандела