Студенттер үшін тағылымдама

Наша Компания приветствует молодых инициативных студентов для получения профессионального опыта. Студентам предоставляется возможность применить свои знания, навыки, опыт работы над проектами вместе с опытными сотрудниками.

Эфес Қазақстанда тағылымдама өту

Біз дарындарды іздеудеміз!
Сен жаңа білімдерге ашық, жас өршіл студентсің бе?
Сенің өзінің болашақ мамандығың бойынша кәсіби дағдыларды мен білімдерді алғың келе ме?

Онда біз сені күтеміз!

Эфес Қазақстанда тағылымдама өту «Сіздердің болашақтарыңа баратын жол» студенттерге арналған тағылымдама бағдарламасы біздің Компаниямыз бен Қазақстандағы университеттер арасындағы үздіксіз қатынастар және ынтымақтастық, сондай-ақ жұмыс берушінің брендін орнықтыру мақсатында әзірленген болатын.

Жыл ішінде біздің компаниямыз студенттер жәрмеңкелеріне қатысып отырады, сонымен қатар Қазақстанның түйінді жоғары оқу орындары үшін кіріспе презентацияларын өткізіп отырады.

Студенттерге компанияның кез келген департаментінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

Біздің Компаниямыз кәсіби тәжірибе алу үшін келетін жас ынталы студенттерді қолдайды.

Студенттерге өз білімдерін, дағдыларын қолдану мүмкіндігі, тәжірибелі қызметкерлермен бірге жобалармен жұмыс істеу тәжірибесі беріледі.

Әйткенмен, тағылымдама — бұл тек жұмыс қана емес, көңілді уақыт өткізу және байланысу!

Өтінімді беру үшін, өтінеміз, нысанды толтырыңыз.

«Қосарлы Білім» жобасы

Қосарлы Білім — бұл болашақ мамандарды сәтті кәсіби және әлеуметтік бейімдеу үшін жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы тығыз ынтымақтасу жүйесі. Жұмыс барысында оқушылар кейінен болашақ кәсібін таңдау негіздерін және дұрыстығын анық түсінеді.

Қосарлы Білімді жүйесін Қазақстанда енгізу бойынша негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдағы Германияға барған сапары болды. Осыдан кейін Германиядағы ҚБ жүйесі негізінде 2013 жылдың 1 сәуір күні «Қазақстанда қосарлы білімді енгізу» туралы келісімге қол қойылған болатын.

Эфес Қазақстан компаниясы Алматы қаласындағы Алматы Мемлекеттік Университетімен және Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетімен тығыз ынтымақтастығы арқасында қосарлы білім жобасын қолдаған және енгізген Қазақтанның сыра қайнататын компаниялары арасындағы 1-ші болып табылады.

Қосарлы оқу жүйесін пайдалану тәжірибесі осы жүйенің дәстүрлі жүйемен салыстырғанда келесі артықшылықтарын көрсетті:

  • Теория және тәжірибе арасындағы алшақтықты жою;
  • Болашақ жұмыскерді ынталандыруға жаңа тәсілдеме құру;
  • Студенттер үшін тәжірибелік білімдерді алуға тамаша мүмкіндік;
  • Университеттермен тығыз қарым-қатынастарды орнату;
  • Студенттер бекітілген кестеге және тақырыптарға сай өндірістің барлық цехтерінде оқытудан өтеді және тәжірибелік білімдерді алады.

Қосарлы оқыту жобасы бізге жоғары оқу орындар арасындағы ынтымақтастықты орнатуға, болашақ мамандардың Компания туралы хабардар болғанын арттыруға және оқыту процесіне үлес қосуға көмектеседі.

Тағылымдамаға өтінім беру

Білімі
 
Білімді қосу