Маркетинг департаменті
Оқиғалар ортасында болғаныңды ұнатасың ба? Трендтер мен жаңалықтарды қадағалап отырасың ба? Достармен сауық кеш өткізбей өмір сүре алмайсың ба? Цифрларға жақынсың ба және Volume Share-ді оңай есептей аласың ба? Онда саған тура Маркетингке бару керек!
Біздің бөліміміздің жалпы жасы 200 жылдан аспайды, бұл компаниямыздағы ең жас департамент. Іс-шараларды жүргізу, бренд-жоспарларды тапсыру алдыңдағы ұйқысыз түндер, таусылмайтын креатив ағынынан болатын тұрақты бас ауру - міне, осының бәрі сені біздің тату департаментімізде күтеді.
Сен тұтынушылар инсайттарын табуды, бір-екі-үшке заттаңбаларды тексеруді, сатулар көлемін ұлғайтуды көздейтін белсенділіктерді құруды, промо-қызметкерлерге сөздерін жазып беруді, олардың іс-шаралардағы кейібін ойлап табуды үйренесің, және Efes Pilsen мен Efes Pilsener арасындағы айырмашылық неде болатынын білетін боласын.
Біздің бөлімімізде Эфес Қазақстан компаниясының барлық брендтерін жүргізетін 5 бренд-команда жұмыс істейді. Сонымен қатар, бөлімде Market Research (маркетинг зерттеулері) командасы және Events & Promotions командасы бар.
Біздің зерттеуші әріптестеріміз нарықтағы трендтерді, негізгі көрсеткіштердің ауытқуларын қадағалаумен, сондай-ақ бәсекелестердің брендтерінде орын алатын өзгерістермен айналысады.
Events & Promotions командасы - бұл тұтынушылардың түнгі өмірі әлеміне деген біздің жолбасшымыз! Әріптестеріміз компания брендтері қатысатын барлық іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде іске қосылған.
Біз командамызда кімді көргіміз келеді? Біріншіден, тез тіл табысатын, оқымысты, комнадада жұмыс істеуді білетін адамды. Екіншіден, дедлайндарды орындайтын, сондай-ақ іссапарларға дайын адамды.
Егер сен біз іздейтін осындай маман болсаң, түйіндемеңді қарауға күтеміз!